- Негізгі бет
- Спорт
- 6 финал =...
6 финал = 6 чемпион! Қазақ боксшылары халықаралық турнирде атой салды
Бокстан Венгрияның Дебрецен қаласында ұйымдастырылғын 67-ші Иштван Бочкайды еске алуға арналған турнир аяқталды. Жарыста жарқын жекпе-жектерімен ерекшеленген Қазақстан ерлер құрамасы 6 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.
Алты бірдей қазақ боксшысы финалға шықты. Финалда алтауы да алтын медаль еншіледі. Осылайша ұлттық құрамамыз ең жоғары жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін бұл турнирде отандастарымыз 6 алтын медаль еншілеп көрмеген еді.
Қазақ боксшылары арасынан Теміртас Жүсіпов (-48 кило), Серік Теміржанов (-57 кило), Саматәлі Төлтаев (-60 кило), Дулат Бекбауов (-67 кило), Аятулла Тәкіжанов (-75 кило), Айбек Оралбай (-91 кило) жарыс жеңімпазы атанды. Ал Дамир Әбдіқадыр (-51 кило), Дәулет Молдашев (-54 кило) пен Ермахан Жақпеков (-71 кило) қола жүлде еншіледі.
Айта кетейік, Дебрецендегі жарысқа ұлттық құрама сапында 13 боксшымыз аттанған еді. Оның 10-ы жүлделі орынға ілікті.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!
Н. Үсенова