52 жастағы австриялық сноубордшы Клаудия Риглер 2026 жылғы Қысқы олимпиаданың финалына шықты. Бұл - оның мансап жолындағы бесінші олимпиада, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ мәліметінше, оны 30 жасында "жасың келді" деп Австрия ұлттық құрамасынан шеттеткен. Алайда ол бұл шешім қате болғанын дәлелдегісі келгенін айтады.
"Жарыста ешқашан өз жасым туралы ойламаймын", - деген ол сұхбаттарының бірінде. Осылайша өзгелер бұл тақырыпты көтергенде ғана есіне алатынын айтқан.
Клаудия Риглер үш жыл жеке спортшы ретінде жарысқа қатысып жүріп, 2005 жылғы әлем кубогындағы нәтижесінен соң құрама сапына қайта алынған. 2015 жылы 41 жасында сноубордтан параллель гигант жарысында әлем чемпионы атанған.
Ол биыл Австрияда өтетін әлем чемпионатына қатысып, содан кейін ғана мансабын аяқтамақ.
Айта кетейік, Клаудия Риглер 1973 жылы дүниеге келген. 1994 жылы алғаш рет халықаралық жарысқа қатысқан.
Руслан Базарбаев
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!