Әлемнің вице-чемпионы Хорватия құрамасы Катардағы мундиальда алғашқы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
F тобындағы алғашқы турда Хорватия құрамасы Марокко футболшыларымен тең түскен. Ал бүгін Канадамен күш сынасты. Канада болса, алғашқы ойынында Бельгиядан 0:1 есебімен жеңілген.
Матчті канадалықтардың голы ашты. 2-минутта Канаданың басты жұлдызы Альфонсо Дэвис гол соқты.
Бірақ хорваттар үзіліске дейін есеп айырмасын қысқартып қана қоймай, алға шығып үлгерді. 36-минутта Андрей Крамарич көзге түссе, сегіз минуттан соң Марко Ливайя "шақпақ түстілердің" екінші голын соқты.
Ал 70-минутта Крамарич дубль авторы атанды. Кездесу соңына қарай канадалықтардың қателігінен кейін Ловро Майер матч нүктесін қойды - 4:1.
Осы ойыннан кейін Хорватия құрамасы F тобында көш бастады. Екінші орындағы Марокко екеуінің ұпайы бірдей - 4. Үшінші орындағы Бельгияда үш ұпай бар. Ұпай еншілей алмаған Канада құрамасы соңғы орында. Канадалық команда плэй-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!