6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы сапынан 36 спортшы қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір Қазақстан еншісінде мына спорт түрлерінен лицензия бар:
- Фристайл-могул - Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.
- Фристайл-акробатика - Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.
- Биатлон - 2 ер, 2 әйел спортшы (спортшылардың есімі бапкерлер кеңесінен кейін анықталады).
- Тау шаңғысы спорты - Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.
- Шаңғы қоссайысы - Шыңғыс Ракпаров.
- Шаңғы жарысы - Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.
- Шаңғымен тұғырдан секіру - Данил Васильев, Илья Мизерных.
- Конькимен жүгіру спорты - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
- Шорт-трек - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
- Мәнерлеп сырғанау - Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы Милан-2026 Олимпиадасына тағы 4 жолдама иеленгені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз