36 спортшы: қысқы Олимпиадаға қатысатын толық құрам белгілі болды

36 спортшы: қысқы Олимпиадаға қатысатын толық құрам белгілі болды
Фото: gov.kz

6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы сапынан 36 спортшы қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазір Қазақстан еншісінде мына спорт түрлерінен лицензия бар:

  • Фристайл-могул - Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.
  • Фристайл-акробатика - Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.
  • Биатлон - 2 ер, 2 әйел спортшы (спортшылардың есімі бапкерлер кеңесінен кейін анықталады).
  • Тау шаңғысы спорты - Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.
  • Шаңғы қоссайысы - Шыңғыс Ракпаров.
  • Шаңғы жарысы - Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.
  • Шаңғымен тұғырдан секіру - Данил Васильев, Илья Мизерных.
  • Конькимен жүгіру спорты - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
  • Шорт-трек - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
  • Мәнерлеп сырғанау - Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы Милан-2026 Олимпиадасына тағы 4 жолдама иеленгені хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget