30 жастан кейін спортпен қалай айналысуға болады?

30 жастан кейін спортпен қалай айналысуға болады?
Фото: nebolet.com

Әртүрлі себептермен адамдар өздеріне салмақ салмай, жаттығу жасамай және ешқандай дене шынықтырумен айналыспай жүре берулері мүмкін. Әдетте мұндай тоқырау кезеңі салиқалы жасқа дейін созылады. Жасымыз ұлғайған сайын дене мүсінімізді қалпына келтіру қиындай береді. Бұған себеп – уақыт, жағымсыз әдеттер, ағзаның қалпына келу деңгейінің төмендігі, сондай–ақ көптеген әлеуметтік факторлар. Сол себепті отыз жастан кейін спортқа келген адамдар тым аз. Әдетте спортпен жасөспірім шағынан бастап айналысқан адамдар одан қол үзіп кете алмайды. Алайда дене шынықтырусыз толыққанды өмір сүру мүмкін емес дегенімен, белгілі бір жастарда фитнес денсаулық үшін үлкен сынақ болуы мүмкін. Келесі кеңестер сіздің спорт әлеміне асықпай, тиімді жолмен келуіңізге көмектеседі.

Жасқа байланысты өзгерістер
Адам ағзасы дүниеге келе салған сәттен бастап табиғи жолмен гармондық өзгерістерге ұшырай бастайды. 30-туған күннен кейін өсу және қалпына келу механизмі айтарлықтай төмендейді. Оларды тек ағзаны толық тексеруден кейін бастаған жүйелі жаттығулармен белсенді етуге болады. Жаттығуды дәрігердің алдында бастау оның ұзаққа созыларына 100 пайыз кепіл бола алады. Жаныңыздың саулығына тек деніңіз сау болғанда ғана қол жеткізе аласыз. Өзімізге беймәлім мәселенің бәрін толық медициналық тексерістен өткеннен кейін ғана біле аламыз. Жағдайға қарай жаттығудың жоспары мен қарқындылығы туралы шешім қабылдау керек. 

Мақсат пен амалдардың байланысы
Адам денесі – біз әртүрлі мақсатқа бағыттап және пайдалануға ерікті функционалды құрал.  Егер сізге жалпы жағдайыңызды жақсартып, аздап арықтау керек болса, онда жаттығуларды бастаған сәтте-ақ неғұрлым жаңа қозғалыстармен және техникалармен толықтыруға тырысыңыз.  Бұл проприоцепцияны – өзіңіздің денеңізді сезінуді, аяқтарыңыздың ми дабылдарына жауап беруін және және осы құрылыстағы әлсіз жерлерді сезінуді реттейді. Сондай-ақ, дененің икемі келетін қозғалыстарды игеру де маңызды.

Тыныс алумен жұмыс істеу
Кез келген дене қозғалысы дұрыс тыныс алусыз мүмкін емес. Терең тыныс алу, дем алу мен дем шығару кезеңін реттеу, «жеңіл тыныс алуды» қолдану – осының бәрі денемізді тану кезінде үйренуге тиіс негізгі құралдар. Бұл кезеңде зиянды әдеттерден арылып, мұрын қуысы және диафрагмалы тыныс алу жүйесіне жаңа көзқараспен қарау керек.

Жоспарлау және жүктемелер жүйесі
Тиімді жүктеме бірқалыпты бірақ жүйелі болу керек. Бұл мәселе әдетте спорт әлеміне оралғысы келетіндердің арманын бұзады. Бәрін бастаған сәтте артық жүктеме алу спортшының бұлшық еттері мен сіңірлерінің қатты ауыруына әкеп соғады. Алғашқы бастаманың негізгі сөздері – шыдамдылық пен бір қалыптылық. 

 

дереккөз: bilim-all.kz

Т. Есқали