Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) WBA бойынша тағы бір дивизион белбеуі бар кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Мен Лараны түсінбеймін. Ол менімен 3 титул үшін төбелесе алады. Мен онымен жекпе-жекке шықсам қуанамын. Неге ол чемпионмен жекпе-жекке шықпайды? Мен оны түсінбеймін! Жәнібек пен Лара айқасы. Осы жекпе-жекті ұйымдастырайық!", - деп Жәнібек өзінің Twitter парақшасында жазған еді.
Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы өткен жылдың қазан айында неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) нокаутқа түсіріп, одан IBF белбеуін тартып алған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз