ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. 29 шілде күнгі жарыс жолына қазақстандық спортшылар төрт спорт түрінен бақ сынамақ. Ендеше назарыңызға ертең жарыс жолына шығатын спортшылар тізімін ұсынамыз.
08:30 Су добы. Ерлер. – Qazaqstan арнасында
Алғашқы раунд. Қазақстан – Испания
12:00 Теннис. Әйелдер. Жекелей сын. Жартылай финал
Елена Рыбакина – Белинда Бенчич (Швейцария)
14:15 Бокс. Ерлер. – Qazaqstan арнасында
75 кг. 1/8 финал. Әбілхан Аманқұл – Фанат Кахрамонов (Өзбекстан)
14:18 Садақ ату. Ерлер
1/32 финал. Ильфат Абдуллин – Джеймс Вудгейт (Ұлыбритания)
15:51 Бокс. Ерлер. – Qazaqstan арнасында
+91 кг. 1/8 финал. Қамшыбек Қоңқабаев – Юсри Резк Мостафа Хафез (Мысыр).