FIFA өкілдері Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы ең күшті және допты барынша мықты тепкен футболшылардың ондығын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл рейтингте Сауд Арабиясы қақпасына 29 метрден гол салған мексикалық Луис Чавес бірінші тұр. Оның тепкен добы сағатына 121,69 шақырым жылдамдықпен ұшқан.
Тізімде Криштиану Роналду тек төртінші тұр. Оның Гана қақпасына салған голы он бір метрлік айып алаңынан болды, ал ұшу жылдамдығы - сағатына 117,39 шақырым. Ал тағы бір әлемдік футбол жұлдызы Килиан Мбаппе тіпті сегізінші орында. Оның Польша қақпасына салған голы 18 метрден тебіліп, сағатына 113,74 шақырым жылдамдықпен ұшқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!