Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды, - деп хабарлады ААФ баспасөз қызметі.
Спортшы 25 жаста еді. Ол жастар арасында әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды.
"Жастар арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт табандылықтың, тәртіп пен өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында қандай керемет жетістіктерге қол жеткізуге болатынын көрсетті. Ауыр атлетика федерациясы марқұмның туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген ААФ хабарламасында.
Кейіннен спортшының суицид жасағаны хабарланды.