"Қазақстандық МакГрегор" атанған файтер Фанил Рафиков (21-7) Naiza 46 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Фанил Рафиков бразилиялық қарсылас Тиаго Сильвамен (21-13-0-1) кездесті. Жекпе-жектің 22 секундында Рафиков қарсыласын нокдаунға түсіріп, оған бірқатар соққы жасағаннан кейін аяқталды.
Рафиков үшін бұл Naiza лигасындағы алтыншы жекпе-жек, үшінші жеңісі. Былтыр қаңтар-маусымда аралығында павлодарлық файтер жеңіл салмақта чемпион болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!