Аргентина құрамасының жанкүйері ұлттық командасының Катардағы мундиальде жеңіске жеткенін тойлау кезінде көз жұмды, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Буэнос-Айрес провинциясындағы Баия-Бланка қаласында болған. 22 жастағы жігіт қаланы мотоциклмен кезіп жүргенде мойнындағы Аргентинаның туы дөңгелекке ілініп қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол сол жерде тұншығып мерт болған.
Еске салайық, 18 желтоқсанда Аргентина құрамасы өз тарихында үшінші рет әлем чемпионы атанды.
20 желтоқсан елде демалыс ретінде жарияланды, бұл жанкүйерлердің ел астанасындағы чемпиондық шеруді тамашалау үшін жасалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!