2028 жылы УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді

УЕФА 2028 жылғы Еуропа Суперкубогы өтетін орын ретінде Астананы таңдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Дәстүр бойынша бұл матчта Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының жеңімпаздары өзара бақ сынайды. Кездесу тамыздың ортасында өткізіледі.

"Қазақстанда мұндай деңгейдегі матч өтуі - отандық спорт үшін тарихи оқиға. "Астана Арена" стадионының инфрақұрылымын қайта жаңарту, жоспарлы жаңғырту жұмыстары УЕФА-ның қатаң талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан мұндай деңгейдегі ойынды алғаш рет қабылдағалы отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!