УЕФА 2028 жылғы Еуропа Суперкубогы өтетін орын ретінде Астананы таңдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Дәстүр бойынша бұл матчта Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының жеңімпаздары өзара бақ сынайды. Кездесу тамыздың ортасында өткізіледі.
"Қазақстанда мұндай деңгейдегі матч өтуі - отандық спорт үшін тарихи оқиға. "Астана Арена" стадионының инфрақұрылымын қайта жаңарту, жоспарлы жаңғырту жұмыстары УЕФА-ның қатаң талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан мұндай деңгейдегі ойынды алғаш рет қабылдағалы отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова