- Негізгі бет
- Спорт
- 2028 жылғы Олимпиада...
2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына 5 спорт түрі ресми түрде қосылды
Фото:
@Olympics
2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасы тізіміне жаңа 5 спорт түрі ресми түрде қосылды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті кеше Мумбайда (Үндістан) өткен кезекті сессиясы кезінде хабарлады.
ХОК шешімі бойынша 2028 жылғы Олимпиадада флаг-футбол, сквош, лакросс, бейсбол/софтбол және крикет спорт түрлері бойынша жүлделер сарапқа салынатын болады.
Айта кетейік, 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 14-30 маусым аралығында Лос-Анджелесте өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай