2026 жылғы Паралимпиада ойындары: Ербол Хамитов алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ербол Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды.

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!