2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 миллиард теңге бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшыларды даярлау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден қомақты қаражат бөлінген.

"Қаржыландырудың жалпы көлемі - 13,3 миллиард теңге. Оның 585 миллион теңгесі - федерация қаражаты. Республикалық бюджеттен 5,3 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 6,2 миллиард теңге, Туризм мен спортты қолдау қорынан 1,2 миллиард теңге бөлінді", - деді министр Үкімет отырысында.

Еске салайық, бұған дейін XXV қысқы Олимпиада ойындарына болжам бойынша Қазақстан атынан 35 спортшы қатысатыны хабарланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз