2026 жылғы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап. 

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың мұз айдынына шығуы жарыс күнінің басты оқиғаларының бірі болмақ. Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталады. 

Шаңғы жарысы, жеке уақыт бойынша жарыс (ерлер):

  • Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков

Сағат 15:45-те басталады.

Биатлон, спринт (ерлер):

  • Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов

Сағат 18:00-де басталады.

Мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (ерлер):

  • Михаил Шайдоров

Сағат 23:00-де басталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз