2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: жеребе қорытындысы шықты

АҚШ-тың астанасы Вашингтондағы Кеннеди орталығында 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2026 жылғы әлем чемпионаты турнир тарихындағы ең ауқымды додалардың бірі болмақ. Бұрынғыдай 32 емес, АҚШ, Канада және Мексика стадиондарында 48 ұлттық құрама ойнайды.

Қазір 42 қатысушы белгілі – турнир иелері автомат түрде жолдама алды. Тағы алты жолдама 2026 жылғы көктемде сарапқа салынады: төртеуі – Еуропадағы плей-офф ойындарында, екеуі – құрлықаралық плей-офф арқылы.

Жеребе: 12 топ және жаңа формат

Ұйымдастырушылар турнир сеткасын кеңейтіп, енді командалар 12 топқа бөлінді, әр топта – төрт құрамадан. Шығу схемасы да өзгерді: 1/16 финалға әр топтан алғашқы екі орын алғандар және үздік көрсеткішке ие сегіз үшінші орын иегері жолдама алады.

2026 жылғы ӘЧ топтары

A тобы: Мексика, Оңтүстік Африка Республикасы, Корея, плей-офф жеңімпазы (D жолы)
B тобы: Канада, Катар, Швейцария, плей-офф жеңімпазы (A жолы)
C тобы: Бразилия, Марокко, Гаити, Шотландия
D тобы: АҚШ, Парагвай, Аустралия, плей-офф жеңімпазы (C жолы)
E тобы: Германия, Кюрасао, Кот-д'Ивуар, Эквадор
F тобы: Нидерланд, Жапония, Тунис, плей-офф жеңімпазы (B жолы)
G тобы: Бельгия, Мысыр, Иран, Жаңа Зеландия
H тобы: Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай
I тобы: Франция, Сенегал, Норвегия, Еуропа жеңімпазы (2-жол)
J тобы: Аргентина, Алжир, Австрия, Иордания
K тобы: Португалия, Өзбекстан, Колумбия, Еуропа жеңімпазы (1-жол)
L тобы: Англия, Хорватия, Гана, Панама

Еуропалық плей-офф жолдары

A: Италия, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Босния және Герцеговина
B: Украина, Швеция, Польша, Албания
C: Түркия, Румыния, Словакия, Косово
D: Дания, Солтүстік Македония, Чехия, Ирландия

Құрлықаралық плей-офф

1-жол: Жаңа Каледония, Ямайка, Конго Демократиялық Республикасы
2-жол: Боливия, Суринам, Ирак

Ашылу матчі және финал

Турнир 11 маусымда Мексиканың астанасы Мехикодағы әйгілі "Ацтека" стадионында басталады. Алаңға Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары шығады.

Әлем чемпионы 2026 жылғы 19 шілдеде белгілі болады. Финал матчі "Метлайф" стадионында өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз