2026 жылғы “Алтын допты“ алуға лайық басты үміткердің есімі аталды

2026 жылғы “Алтын допты“ алуға лайық басты үміткердің есімі аталды
Фото: ferdel99/depositphotos.com

Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Павел Погребняк мюнхендік "Бавария" клубындағы ағылшын шабуылшысы әрі Англия құрамасының капитаны Харри Кейнді 2026 жылғы фаворит деп атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павел Погребняктың пікірінше, ағылшын шабуылшысы маусым бойы тұрақты өнер көрсетіп, көп гол соққаны үшін беделді жеке марапатқа лайық.

"Меніңше, ол Харри Кейн болады. Ол - "Алтын допқа" үміткерлердің ішіндегі ең тұрақтысы. Ол бәрінен көп гол соқты, әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті, "Бавариямен" Германия кубогын, суперкубогын және чемпионатты жеңіп алды", - деді Павел Погребняк.

Өткен маусымда Харри Кейн барлық турнирде "Бавария" мен Англия құрамасы сапында 73 гол соқты. Ағылшын шабуылшысы мюнхендік клуб сапында Германия чемпионы атанып, Германия кубогы мен ел суперкубогын жеңіп алды.

2026 жылғы "Алтын доп" марапатын табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget