Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессиді ресми түрде 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп таныды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жеңімпаз ұйымның арнайы математикалық индексі негізінде анықталады. Бұл жүйеде әр матчтағы жеке көрсеткіштер, соғылған голдар, нәтижелі пастар және плей-офф кезеңіндегі шешуші кездесулерде футболшының команда ойынына қосқан үлесі жан-жақты ескерілді.
Жан-жақты статистикалық талдау қорытындысы бойынша IFFHS сарапшылары Мессидің турнир бойы жоғары деңгейдегі тұрақты ойынын ерекше бағалаған. Ұйым мәліметінше, бұл марапат аргентиналық футболшыға бұрынғы жетістіктері үшін емес, тек 2026 жылғы әлем чемпионатындағы нақты статистикалық көрсеткіштеріне қарап берілген.
Еске салайық, ӘЧ-2026 финалында Аргентина құрамасы Испаниядан 0:1 есебімен ұтылды. 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова