2025 жылдың үздік боксшысы аталды

The Ring журналының нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік боксшысы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл марапатқа америкалық боксшы Теренс Кроуфорд лайық деп танылды. Былтыр ол шаршы алаңға бір рет қана шыққанымен, сол жекпе-жегінде айрықша жетістікке қол жеткізді. Кроуфорд мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альваресті төрешілердің ортақ шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы атанды.

Ал желтоқсанда америкалық боксшы кәсіби мансабын аяқтайтынын ресми түрде мәлімдеген болатын.

Салтанатты рәсім барысында Теренс Кроуфордқа марапатты украиналық боксшы Александр Усик табыстады.

Айта кетейік, 2025 жыл Усик үшін де табысты болды - Лондонда өткен жекпе-жекте британиялық Даниэль Дюбуаны жеңіп, IBF, WBC, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғады.

Соған қарамастан, Александр Усик The Ring журналының "Жыл боксшысы" номинациясына үміткерлер қатарына да енген жоқ. Бұл атаққа Кроуфордпен бірге Дмитрий Бивол, Наоя Иноуэ, Джесси Родригес және Фабио Уордли үміткер болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!