Қазақстан құрамасы дзюдодан Испанияның Бенидорм қаласында өтетін European Open турниріне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметіне сүйенсек, ұлттық құрама сапына 16 спортшы енген. Олардың қатарында Астанада өткен Grand Slam турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Ғалия Тынбаева да бар. Ол 2025 жылдан бері алғаш рет татамиге шығады.
Айта кетейік, турнир 16-17 мамыр күндері өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!