2024 жылғы Еуропа чемпионатының ресми добы таныстырылды

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (UEFA) 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ресми добын таныстырды. Салтанатты рәсім Берлиндегі "Олимпиаштадионда" өтті.

Ресми доп FUSSBALLLIEBE деп аталады. Неміс тілінен аударғанда "футболға деген махаббат" дегенді білдіреді. Бұл Еуропа чемпионатында алғаш рет adidas Connected Ball технологиясы қолданылады. Ол арқылы VAR жүйесі арқылы шешім қабылдау жеңілдей түседі, ал доп ішіндегі CTR-CORE ядросы формасын сақтау мен ішіндегі ауаның бірқалыпты болуын бақылайды. 

2024 жылғы Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. 

Источник

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!