17 миллиард теңге бөлінген: Астанадағы стадион биыл пайдалануға берілмейтін болды

17 миллиард теңге бөлінген: Астанадағы стадион биыл пайдалануға берілмейтін болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Елордада қайтарылған активтер есебінен стадион салынып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл әлеуметтік нысанды 2026 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс аяқталғаннан кейін стадион аумағында футболды дамытуға басымдық беретін мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі орналастырылады.

Стадион құрылысы бастапқыда 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған болатын.

"Мектеп 8 бен 18 жас аралығындағы 750 балаға есептелген. Жас спортшыларға жаттығу және жарыс процесіне қажет барлық жағдай жасалады: заманауи футбол алаңы, киім ауыстыратын бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, медицина кабинеті және көрермендерге арналған трибуналар қарастырылады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бастапқыда жаңа аренаның құрылысына 17 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget