17 жастағы қазақстандық вундеркинд әлемдік рейтингте топ жарды

17 жастағы қазақстандық вундеркинд әлемдік рейтингте топ жарды
Фото: ҚТФ

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 12-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңартылған ITF рейтингінде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды.

Заңғар Нұрланұлы 24-тен бірден 12-орынға көтеріліп, ТОП-10-ға кіруге жақындады. Сондай-ақ, Дамир Жалғасбай 60-тан 31-сатыға, Даниэль Тазабеков 94-тен 52-сатыға ауысты.

Айта кетейік, олар 24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget