16 жастағы спортшыны жылқы таптап, мерт қылды: видео

16 жастағы спортшыны жылқы таптап, мерт қылды: видео
Фото: depositphotos.com

Бразилиялық шабандоз Хоаким Даппер жарыс кезде аттан құлап кетті. Кейін ол алған жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рио-де-Жанейро қаласындағы (Бразилия) Гавеа ипподромында ат жарысы кезінде жантүршігерлік оқиға болды.

Мәреге бірнеше метр қалғанда 16 жастағы шабандоз Хоаким Даппер аттан құлап, бірнеше рет аунап түскен.

Жарыс бірден тоқтатылды.

Дәрігерлер оқиға орнында оған алғашқы жедел медициналық көмек көрсетіп, кейін ауыр халде жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізді. 

Бірнеше күннен кейін оны арнайы ем алу үшін басқа ауруханаға ауыстырды, ал тағы бір апта өткен соң оның биологиялық өлімі тіркелген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget