Қазақстандық Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты.
Әлемде жасөспірімдер рейтингісінде 27-орында тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазақстандықтардан алғашқы болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Әмір Омарханов үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді қапы қалдырды.
Бірінші сетте қазақстандық спортшы 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде Ким есе қайырды.
Есесіне шешуші, үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0.
Әмір Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландық Мес Ротгерингпен кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!