16 жастағы қазақ қызы дзюдодан Әлем чемпионатында тарих жаңартты

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан Әлем чемпионатында тарих жаңартты
Фото: ҰОК

Эквадорда өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Қыздар арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фатима Сұпығалиева қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финалда ол украиналық Ксения Кирильчуктан басым түсті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта (golden score) анықталды. Шешуші сәтте отандасымыз ұтымды әдіс жасап, қарсыласын иппонмен жеңді.

Осылайша, Фатима Сұпығалиева Қазақстан дзюдосы тарихында қыздар арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш дзюдошы ретінде тарихқа енді.

Сондай-ақ Інжу Жұмажан (-57 кг) күміс жүлдеге ие болса, Ерік Үсенов (-66 кг) пен Бекәли Еркен (-73 кг) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінен кейін де жалпы медаль кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. Ұлттық құраманың еншісінде 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget