Ресейдің Амур облысында өткен ММА-дан жарыста бастан тиген соққыдан 16 жастағы спортшы мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті журналист Игорь Лазориннің айтуынша, турнир ережесі бойынша кәмелетке толмаған қатысушының бәрі бокстың ашық типтегі бас қорғаныштарын киюі керек болған. Алайда төреші жасөспірімді қорғансыз қатыстыра берген.
Басына тиген тепкіден жігіт есінен танып құлаған, одан кейін жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.
Ресейдің ММА одағы мен тергеу органдары бұл оқиға бойынша тексеріс бастады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!