Қазақстан премьер-лигасында "Қайрат" командасының вингері Дастан Сәтпаев қатарынан екінші рет айдың үздік ойыншысы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі турнирдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 жастағы футболшының трансферлік құқығы Лондонның "Челси" клубына тиесілі. Ол Қазақстан чемпионатында 9 матчта 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Сәуір айында Дастан барлық турнирлерде 5 матчта 4 гол және 2 ассистпен көзге түскен болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, алматылық "Қайрат" қазіргі таңда чемпионат кестесінің көшін бастап тұр. Алайда Қазақстан Кубогының ширек финалында шымкенттік "Ордабасыдан" 0:1 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.
Еске салсақ, 2025 жылдың ақпан айында "Қайрат" клубы ресми түрде Дастан Сәтпаевтың Лондонның "Челси" клубына сатылғанын хабарлаған болатын. Футболшы 18 жасқа толғаннан кейін ғана Англияға ауыса алады, ал алдағы бір жарым жылын туған клубында өткізеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет