- Негізгі бет
- Спорт
- "15 минут бойы...
"15 минут бойы қарап, тоқтамай жыладым". Каратеден финалда апалы-сіңілі қыздар бетпе-бет келіп қалды
Желіде Көкшетаудағы каратеден турнир финалында апалы-сіңлі қыздар жекпе-жекке шыққаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кадрлардан қыздар мұндайды мүлде күтпегені көрініп тұрды. Алайда жекпе-жек басталуға белгі берілгенде, қыздардың жасы үлкені еш кідірместен сіңлісінің қолын көтереді. Ал сіңілісі әпкесін жеңімпаз деп мойындауын өтінген.
"Осындай қыздарды өсіріп, тәрбиелеп жатқанымызға қуаныштымын. Жаратқанға шүкір. Жылап отырмын", - деп жазыпты қыздардың анасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары да жантебірентерлік видеоға жылы лебіздерін жазған.
"Жарайсыңдар, қандай ақылды", "15 минут бойы қарап, тоқтамай жыладым. Ата-анасына осындай әдемі, ақылды қыздарды тәрбиелеп отырғанына рақмет", "Ересектердің ойына да осылай істеу келмес еді", - дейді пікір жазғандар.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!