15 жастағы қазақстандық жас талант “Барселонамен“ келісімшартқа отырды

15 жастағы қазақстандық жас талант “Барселонамен“ келісімшартқа отырды
Фото: instagram.com/theaacademybcn

15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов әйгілі "Барселона" клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы испаниялық Mundo Deportivo басылымы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кәрім Меңдіқанов "Барселонада" ойнайтын алғашқы қазақстандық футболшы атанады. Ол қазір Каталонияда жаттығып жатыр әрі клубқа ауысуға дайындалып жүр. Жас талантты испаниялық БАҚ "қазақстандық гауһар тас" деп атаған.

Айта кетейік, Кәрім Меңдіқанов Испанияға 2022 жылы қоныс аударған. Сол сәттен бастап ол "Барселонаның" жастары қатарында жаттыққан.

Ол өткен маусымды Cerdanyola сапында өткізген. Mundo Deportivo мәліметінше, осы кезеңде футболшы өз қабілетін танытып, үздік ойын көрсеткен.

Ал жаңа маусымда Sant Cugat FC клубымен келісімшартқа отырып, өз лигасындағы үздіктердің бірі ретінде танылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget