Әлем Чемпионаты финалының алдында, футбол тарихындағы аса қызықты ойындар туралы ақпарат беруді жөн көрдік. Ендеше, кеттік.
1. Футбол тариxында ең ұзақ ойын 36 сағатқа созылған. Бұл матч 2009 жылы 11-12 сәуірде Ұлыбритания елінде Бристольск футбол академиясы мен "Лидс Беджерс" командасының арасында болды. Ойын 36 сағатқа созылып, 285-255 қорытындысымен "Лидс Беджерс" командасының жеңісімен аяқталды. "Лидс Беджерс" командасының шабуылшысы Адам Макфи 75 гол салып, ойынның үздік ойыншысы атанды.
2. Гренландия құрамасы ФИФА құрамына кіре алмайды. Осы себепті, Гренландия 1980 жылдардан бастап Даниядан азат ел болуға тырысты. Армандары орындалып таэквондо, бадминтон, гандбол, волейбол, биатлон секілді спорт түрлерінен Халықаралық Спорт Федерациясының мүшесі атанды. Алайда, футболдан ФИФА құрамына кіру арман күйінде қала берді.
Оған аралдағы жасыл шөптің тапшылығы себеп болды.
3. Футбол тариxындағы ең үлкен ойын нәтижесі 149:0 болған еді. Бұл матч Мадагаскарда "AS Adema" және "Stade Olympique l'Emyrne" командаларының арасында өтіп, "AS Adema" командасының жеңісімен аяқталды. Жеңімпаз командаға осындай рекорд қоюға қарсыластары өздері көмектесті десекте болады. Себебі, олар төреші әділдік сақтамады деп, өз қақпаларына гол соға берді. Ойынның соңына дейін 149 гол соғып шықты.
4. Корей Халық Демократиялық Республикасының заңына сай ойында жеңілгені үшін концентрациялық лагерьге түсу мүмкін. 2011 жылы тамыз айында КХДР Ұлттық құрамасының жаттықтырушысы 14 сағат ауыр жұмыспен айналасуға концентрациялық лагерьге жіберілді. Себебі, Солтүстік Корея басқарма орталықтары құраманы 0:7 есебімен болған жеңіліс үшін жазаламақшы болады. Бірақ, жаттықтырушы бар кінәні өз мойнына алып, құраманы сақтап қалады.
5. Футболдың үшжақты түрі бар. 1990 жылдары даниялық суретші Асгер Йорн үш жақты футболды ойлап тапты. Ол жерде 6 бұрышты алаңда үш бірдей команда ойнайды. Ойынның жеңімпазы әдеттегідей көп гол соққан команда емес, өз қақпаларына аз гол өткізген команда атанады. Бұл спорт түрінен қазіргі кезде көп фестивальдер өткізіліп тұрады.