14 жастағы қазақстандық қыз Азияның бірінші ракеткасы атанды

Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

14 жастағы Альбина Кәкенова Сары құрлық рейтингінде көш бастады. Қазақстандық спортшының еншісінде 2722 ұпай бар.

Азияның ең мықты ондығында Ева Корышева - үшінші орын, Ариана Гогулина - алтыншы, Сатима Төреген - жетінші және Яна Штода оныншы орындарға жайғасты.

Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің алғашқы ондығына Қазақстанның бес өкілі енді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!