- Негізгі бет
- Спорт
- 14 жастағы қазақстандық...
14 жастағы қазақстандық қыз Азияның бірінші ракеткасы атанды
Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 жастағы Альбина Кәкенова Сары құрлық рейтингінде көш бастады. Қазақстандық спортшының еншісінде 2722 ұпай бар.
Азияның ең мықты ондығында Ева Корышева - үшінші орын, Ариана Гогулина - алтыншы, Сатима Төреген - жетінші және Яна Штода оныншы орындарға жайғасты.
Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің алғашқы ондығына Қазақстанның бес өкілі енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова