Қазақстандық шахматшы Елназ Қалиахмет Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің үшінші кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екінші кезеңде Қазақстан чемпионы турнир иесі Нино Бациашвилимен (рейтингі - 2450) кездесіп, халықаралық гроссмейстерді 1,5:0,5 есебімен ұтты. Осылайша қазақстандық жарыстың 16-нөмірлі фаворитін жарыс жолынан шығарды.
Үшінші кезеңде Елназ Қалиахмет қазір Польша намысын қорғап жүрген ресейлік Алина Кашлинскаямен (рейтингі - 2459) немесе Өзбекстан өкілі Умида Омоновамен (рейтингі - 2211) кездеседі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз