13 жылдан кейінгі жүлде: Қазақстан әйелдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында қола алды

Семсерлесуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан сары құрлық додасында сапы сайысынан әйелдер арасындағы командалық жарыс жеңімпаздары белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкинадан құралған команда қола жүлде үшін таласта Сингапур құрамасынан 42:39 есебімен басым түсті.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы 

Айта кетейік, бұған дейін аруларымыз сапы жаттығуынан 2013 жылы ғана қола жүлде еншілеген еді.

Жарыс барысында отандастарымыз 1/8 финалда Таиландты 45:22 есебімен жеңіп, ширек финалда Жапонияны 45:42 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда Оңтүстік Кореяға жол берді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!