Семсерлесуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан сары құрлық додасында сапы сайысынан әйелдер арасындағы командалық жарыс жеңімпаздары белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкинадан құралған команда қола жүлде үшін таласта Сингапур құрамасынан 42:39 есебімен басым түсті.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Айта кетейік, бұған дейін аруларымыз сапы жаттығуынан 2013 жылы ғана қола жүлде еншілеген еді.
Жарыс барысында отандастарымыз 1/8 финалда Таиландты 45:22 есебімен жеңіп, ширек финалда Жапонияны 45:42 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда Оңтүстік Кореяға жол берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова