12 жылдан кейінгі жүлде: Елдос Сметов Азия ойындарында күміс алды

12 жылдан кейінгі жүлде: Елдос Сметов Азия ойындарында күміс алды
Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта ақтық сында жапониялық Хаято Кондомен күресті.

Жапониялық спортшы бұл белдесуде жеңіске жетті. Ал Елдос Сметов Азиаданы күміс медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бұл - оның Азия ойындарындағы екінші медалі. Қазақстандық дзюдошы бұған дейін Инчхон-2014 ойындарында алтын алған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JENYS JUDO CLUB | KAZAKHSTAN (@jenysjudoclub)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget