Әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньо 11 жылдан кейін жасыл алаңға оралып, ресми матчқа қатысты, деп хабарлайды Massaget.kz.
Футболшы Италияның "С" сериясындағы "Равенна" командасының жейдесін киді. Ол бұл клубпен биыл жазда келісімшартқа қол қойған еді. Сондай-ақ клуб жүйесінде өз еншісі де бар.
14-турда "Равенна" "Форли" командасымен кездесті. 36-минутта Джулио Донати есеп ашты. Нәтижелі шабуылға Роналдиньо да үлес қосты. Ойыншыға жеткен пастардың бірін бразилиялық ойыншы берді.
Роналдиньо командада бір тайм ойнады. Ал 58-минутта командасы екінші голын соғып, маңызды 3 ұпайын еншіледі.
Бразилиялық "сиқыршы" соңғы рет ресми матчын 2015 жылдың 26 қыркүйегінде "Флуминенсе" сапында өткізген. Ал 2018 жылы мансабын аяқтаған еді.
Роналдиньо – 2002 жылғы әлем чемпионы, 2005 жылғы "Алтын доп" иегері. Кәсіби мансабында 299 гол соққан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай