Мессидің "Интер Майамиде" қанша жалақы алатыны белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Мессидің "Интер Майамиде" қанша жалақы алатыны белгілі болды
Фото ©️ ©instagram.com/leomessi

Аргентиналық футболшы Лионель Месси АҚШ чемпионатында ең көп жалақы алатын футболшылардың бірі. Ол өткен жылы "Интер Майами" командасымен 2025 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойған еді. 

БӨЛІСУ

O Tempo ақпараты бойынша футболшы америкалық клубта жылына 20,4 миллион доллар жалақы алады. Бұған қоса қосымша сыйақылар мен жарнамадан түсетін қаржы да бар. 

АҚШ чемпионатында Мессиден кейін ең көп жалақы алатын ойыншының бірі – Лоренцо Инсинье. "Торонто" командасында доп тебетін футболшының жылдық табысы 15,4 миллион долларды құрайды. Үштікті 8,1 миллион доллар еңбекақымен Джердан Шакири түйіндеп тұр.

MLS жарысында ең көп жалақы алатын 10 футболшы: 

Лионель Месси ("Интер Майами") - 20,4 миллион доллар;
Лоренцо Инсинье ("Торонто") - 15,4 миллион доллар;
Джердан Шакири ("Чикаго Файр") - 8,1 миллион доллар;
Федерико Бернардески ("Торонто") - 6,3 миллион доллар;
Себастьян Дриусси ("Остин") - 6 миллион доллар;
Дуду ("Палмейрас") - 5,4 миллион доллар;
Эктор Эррера ("Хьюстон Динамо") - 5,2 миллион доллар;
Серхио Каналес ("Монтеррей") - 5 миллион доллар;
Андре-Пьер Жиньяк ("Тигрес") - 4,6 миллион доллар;
Рафаэль Сантос Борре ("Интернасьонал") - 4,6 миллион доллар.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!