Ризабек Айтмұхан Азия чемпионы атана алмады

О Сансызбай Корреспондент
Ризабек Айтмұхан Азия чемпионы атана алмады
Фото ©️ ©instagram.com/tolegenayan

Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Финалда отандасымыз Бахрейн елінің атынан күресетін Ахмед Тажудиновке есе жіберді. Есеп 4:2. 

БӨЛІСУ

Еркін күрестен 97 килоға дейінгі салмақ дәрежесінің финалына дейін Ризабек қарсыластарын айқын ұтып шыққан еді. Алайда әлем чемпионы, 2023 жылғы маусымның үздік балуанына қарсы белдесу оңай соқпады. Бірінші кезеңде 1:1 есебімен тең шықса, шешуші уақытта қарсыласы әдіс-айласын асырып кетті. Осылайша Ризабек Айтмұхан екінші жыл қатарынан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Екі балуан бұған дейін де белдескен. Ол кезде Ахмед айқын басымдықпен жеңіске жеткен еді. 

Бүгін Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Ризабектен өзге 57 килоға дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбай қола жүлдеге қол жеткізді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!