Ойында қызыл қағаз алған Роналду төрешіге жұдырығын түйді

О Сансызбай Корреспондент
Ойында қызыл қағаз алған Роналду төрешіге жұдырығын түйді
Фото ©️ ©видео кадры

"Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы кубогының жартылай финалында алаңнан қуылды. Оны бас төреші ойындағы келеңсіз қылығы үшін жазалады. 

БӨЛІСУ

Ойын кезінде португалдық футболшы "Әл-Хилал" командасының қорғаушысы Ренан Лодимен қақтығысып қалды. Шынтағымен қарсыласын ұрғаны үшін Роналду 86-минутта тікелей қызыл қағаз алды. 

Қызыл қағаз көрсеткен төрешіге Роналду жұдырығын түйді. Шүйліге барып наразылығын айтқанмен, бас қазының шешімі өзгерген жоқ. Ал жұдырық түйгені телекөрсетілім кезінде анық көрінді. Ал жергілікті жанкүйерлер португалдық ойыншыны одан ары келемеждеп, "Месси, Месси" деп айқайлады. 

Роналду осы маусымда алғаш рет алаңнан қуылды. Кетер кезінде бас төреші мен жанкүйерлерге қол соғып шықты. 

Бұған дейін де Роналду алаңдағы жағымсыз қылығы үшін бір ойынға шеттетілген болатын. Ол кезде де жанкүйерлер аргентиналық футболшының есімін айтқан еді. 

Абу-Дабиде өткен ойында "Әл-Хилал" командасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Сауд Арабиясы Суперкубогының финалына шықты. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз