Елдос Сметов бастаған дзюдошылар Азия чемпионатына қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Елдос Сметов бастаған дзюдошылар Азия чемпионатына қатысады
Фото ©️ olympic.kz

20-22 сәуір аралығында Гонконгта өтетін дзюдодан Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

БӨЛІСУ

Ерлер:

60 кило:  Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 кило:  Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали
73 кило: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
81 кило: Абылайхан Жұбаназар
100 кило: Нұрлыхан Шархан
+100 кило: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

48 кило: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
57 кило: Бахыт Құсақбаева
63 кило: Эсмигуль Куюлова
70 кило: Екатерина Токарева
78 кило: Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина.
+78 кг. Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Азия чемпионатының жеңімпазы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 балл қосылады.

Айта кетейік, Азия чемпионатына дейін Астанада 10-12 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингтік "Qazaqstan Barysy Grand Slam" турнирі өтеді. Бұл дзюдошылар үшін 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ұпай беретін соңғы Grand Slam кезеңі болмақ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!