Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургтен жеңіліп қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургтен жеңіліп қалды
Фото: instagram.com/kff_team

26 наурызда "Стад-де-Люксембург" стадионында өткен жолдастық кездесуде Қазақстан футбол құрамасы Люксембургтен ұтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Vesti.kz" сілтеме жасап.

Ойын алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Бірінші болып қазақстандықтар гол соқты. 2-ші минутта "Қайраттың" 21 жастағы жартылай қорғаушысы Әділет Садырбеков көзге түсті. Оның голы Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жылдам голдың бірі болды.

Герсон Родригес 24-минутта Люксембург пен Қазақстанның есебін теңестірді. Екінші голды алаң иелері 45-минутта соқты. Данил Синани айып алаңынан тыс соққымен ерекшеленді. Доп қақпаға кірмес бұрын Александр Марочкинге тиіп, қақпашы Игорь Шацкийдің бағытын өзгертті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы Грекиядан 5:0 есебімен ойсырай ұтылғаны хабарланған болатын. Осылайша футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына берілетін жолдама жолындағы жорығын аяқтады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә