103 жастағы әйел парашютпен секіріп, әлем рекордын жаңартты

103 жастағы шведтік Рут Линнеа Ингегард Ларссон парашютпен секіру арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Fox News жазды.

Ларссон алғаш рет парашюттпен 102 жасында секірген. Әйелдің спортқа деген қызығушылығы жасы жүзден асқанда оянған.

"Бұл секіру туралы көп уақыт ойлағандым. Америкада өзімнен небәрі 78 күн кіші әйелдің парашюттен секіргенін біліп, оның рекордын жаңартуды жөн көрдім", - дейді Рут.

Қартайғанына қарамастан, Рут Ларссон өте белсенді өмір салтын ұстанады: ол спортпен айналысады, көп серуендейді және кітап оқиды. Туыстары оның денсаулығына қатысты шағымдарын ешқашан естімейтіндерін айтады, бірақ Рут бірнеше жылдан бері арнайы мүгедектер арбасының көмегімен қозғалады.

"Әжеміз дәрігерлер мен дәрі-дәрмек туралы айтудың орнына, өмірден бәрін алуға деген ынтасымен жұртты таң қалдырады", - дейді қарт әйелдің туыстары.

Рекордшы жерге қонған бойда дәрігерлер оның жағдайын тексерген. Олар қан қысымын, тамыр соғуын өлшеп, барлық көрсеткіштердің қалыпты екенін хабарлады.

Басылымның мәліметінше, оның бес баласы, 19 немере және 30 шөбересі бар. Ларссон сонымен қатар кроссвордтарды шешуді және шіркеу хорында ән айтуды ұнатады.