Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алғашқы жолдамасын қоржынға салды

Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алғашқы жолдамасын қоржынға салды
Фото: olympic.kz

Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жолдама түсті. 92 килоға дейінгі салмақта Айбек Оралбай Олимпиада жолдамасын иеленді. 

Айбек шешуші жекпе-жекте АҚШ-тан келген Джамар Таллиді айқын жеңіп шықты. Есеп – 5:0.

Қазақстандық боксшы лицензиялық жарыста 4 жекпе-жек өткізді. Бірінші кездесуінде үнді боксшысы Санжит Санжитті, одан кейін Оңтүстік Корея өкілі Юнг Ха Ныльдан басым түсті. Ширек финал үшін өткен шайқаста эквадорлық Кастилло Торресті жеңді. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Азия ойындарында екі жолдама иеленген еді. Ол кезде Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова жолдаманы жеңіп алған болатын. 

Бүгін Айбектен өзге тағы 6 боксшымыз Олимпиада жолдамасына таласады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай