Александр Бублик Дубайдағы алғашқы матчында жеңіске жетті

Александр Бублик Дубайдағы алғашқы матчында жеңіске жетті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Александр Бублик Дубайдағы (БАӘ) ATP 500 турнирінің 1/8 финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы 1/16 кезеңіндегі кездесуінде чехиялық теннисші Томаш Махачты 2-6, 6-3, 7-6(5) есебімен ұтты.

Енді Бублик келесі кезеңде Нидерланд теннисшісі, әлемнің 28-ракеткасы Таллон Грикспормен ойнайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан