Қазақстан шорт-тректен әлем чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алды

Қазақстан шорт-тректен әлем чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Шорт-трекші Алина Әжғалиева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Olympic.kz

Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алина 1500 метр қашықтыққа жарысудан финалға шығып, мәреге екінші болып келді.

Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл Қазақстан тарихында қыздарымыз жеңіп алған шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесі. 

Бұған дейін әлем біріншілігі жүлдегерлерінің қатарында тек Денис Никиша болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай